
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алматы облысы дін істері
басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында діни бірлестік өкілдеріне тақырыптық экскурсия өткізілді.
Аталған шараның мақсаты өңірдегі діни бірлестіктер өкілдерін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрінен сыр шертетін ұлттық құндылықтармен, тарихи жәдігерлермен таныстыру, халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халық елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айту.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні екенін тұрғындардың сана сандығына сіңіру.
Шараға Талдықорған қаласы аумағындағы исламдық, христиандық және Бахай қауымдастығы діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Жалпы саны 15 діни бірлестік өкілдері.