Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановпен «Стратегиялық сессия» аясында өткен кезекті онлайн кездесу

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановпен «Стратегиялық сессия» аясында өткен  кезекті онлайн кездесу

Бүгін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастама еткен «Стратегиялық сессия» аясында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Алматы облысының Дін істері басқармасымен кезекті онлайн-кездесуін өткізді. Кездесуге Дін істері басқармасы және оған қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы», «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» қызметкерлері, аудан-қалалар бойынша дінтанушы мамандар және ҚМДБ-ның Алматы, Талдықорған өңірлерінің өкіл имамдары қатысты.
Онлайн кездесу барысында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы 2020 жылы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндады. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты құрудың негізгі бағыттары болып табылатын халық арасында зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және де қоғамда радикалды діни идеологияның таралуын болдырмау туралы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, Комитет төрағасы Е.Нүкежанов Алматы облысының дін саласында атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, бірқатар оң нәтижелерін атап өтті.
Шара соңында Комитет қызметкерлері дінтану сараптамасын жүргізуге, діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді, ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстарын жетілдіру бойынша пікірлерімен бөлісті.