«Әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері» атты оқыту курсы

«Әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері»  атты оқыту курсы

А.ж. 15-16 ақпан күндері онлайн және оффлайн форматта «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеу орталығы қоғамдық қорымен ұйымдастырылған «Әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында 2 күнді оқыту курсы өткізілді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуметтік зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізуді мақсат еткен курста
*зерттеу бағдарламасының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы,
*зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды шығару туралы мәселелер қамтылды.
Аталған курсқа «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеу орталығы қоғамдық қорының президенті, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Илеуова Гульмира Токшалыковна, «Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бастығы А.Молдағалиева, біліктілігі жоғары деңгейлі маман - әлеуметтанушы М.Төлеген және де аудан, қалалардың біліктілігі жоғары деңгейлі маман дінтанушылары қатысты.