Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен онлайн-отырыс өтті

Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен онлайн-отырыс өтті

 Бүгін, «Zoom» платформасындағы онлайн-отырыста Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми–сараптамалық топтың жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2021 жылға арналған жоспарлар мен жаңартылған құрам, қазіргі жағдайдағы жаңа міндеттер талқыланылған отырыс өтті.
Аталған отырысқа «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім бастығы Бабатай Айбек Серікбайұлы қатысты.
Күн тәртібіне үш мәселе қойылып, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми–сараптама тобының төрағасы Қуат Баймырзаев, ҚХА хатшылығының басшысы - этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Сәуле Сурабалдинова, "Қоғамдық келісім" КММ директорының орынбасары Рүстем Қалиев баяндама жасады.