«Бірлесе атқарылар істің бағыты айқындалды»

«Бірлесе атқарылар істің бағыты айқындалды»

Басқарма және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының» жаңа басшысы Тимур Нүсіпханұлы Басқармаға қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Діни әкстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығына» келіп құрылымы және қызметімен танысты.
Кездесу барысында тұрғындар арасында теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырудың жолдары талқыланып, екі жақты өзара экстремизмге қарсы бірлесе әрекет етудің жоспары жасалды.
Сонымен қатар, жыл ішінде орталықтың дінтанушы теолог мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамадан өткізу мәселесі қарастырылды.