
Бүгін, Алматы қаласы мен Алматы облысының дін істері басқармалары арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында "Алматы қаласының дін істері басқармасы" ММ-не қарасты құрылымдық мекеме "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында Талдықорған қаласына келді.
Сапар аясында, басқарма және екі орталықтың құрылымы және қызметімен танысты. Екі өңірге ортақ мәселелер талқыланды. Оның ішінде: жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жолдары, жұмыстың жаңа әдіс тәсілдері, қала мен облыс аумағында тіркелген діни бірлестіктер қызметі, бүгінгі күні әртүрлі радикалды және экстремистік діни ағымдардың әлеуметтік желідегі белсенділігі және оның алдын алу жолдары, және т.б.
Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстарда назардан тыс қалған жоқ.