
А.ж. 18 ақпан күні Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты
«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, әйелдер контингентінің арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды батл өткізілді.
Сайыстың мақсаты әйелдер арасындағы рухани тәлім-тәрбиені, ұлттық дәстүрді жаңғырту және діни білімдерін жетілдіріп, тереңдету болды.
IV кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірбаянынан алынған сұрақтарына жауап беріп, халқымыздың салт-дәстүрлерін, Абай атамыздың қара сөздерін айтып жарысты.
Аталған сайысқа Талдықорған қаласы және Іле, Панфилов аудандарының діндар әйелдері қатысып, жүлделі орындарды иеленді.