
Бүгін, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің 2021 жылғы жоспарына сәйкес «Оңалту жұмысының әдіс тәсілдері және жұмысты тиімді ұйымдастыру бағыттары» тақырыбында «Zoom» қосымшасы арқылы оқыту курсы өтті.
Оқыту курсы аудан, қалалардағы біліктілігі жоғары деңгейлі маман дінтанушы, теологтардың оңалту әдістері, әлеуметтік желідегі жұмыстарын күшейту, АТЖ ұйымдастыру, дін саласында құқықтық практика бойынша білімдерін жетілдіру және өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған курсқа «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім басшысы Үсіпбек Нұрсейіт сонымен қатар, дінтанушы Қолбергенов Дархан дәріскер ретінде тартылды.