
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Алматы облысының дін істері
басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі, Алматы облысының құрметті азаматы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қалалық мешітінің бас имамы Ратбек қажы Нысанбайұлының «Пайғамбарлар тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жалпы оқырман қауымға арналған туындыда Адам атадан бастап Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейінгі барлық пайғамбарлардың тарихы баяндалады. Құдайдың жүктеген елшілік қызметін атқаруда орын алған қиыншылықтар мен елеулі оқиғалар желісі Құран аяттарымен суреттеледі. Әрбір пайғамбардың өмір жолы айтылғаннан кейін алынатын негізгі ғибраттар көрсетіледі.
Шараға Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы, ҚМДБ өкілдері, ЖОО ұстаздары сонымен қатар дінтанушылар қатысты.