«Жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамыту»

«Жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамыту»

Бүгін, Алматы облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу
орталығының біліктілігі жоғары деңгейлі дінтанушы маманы Ақжол Маратұлы Асанов «Zoom» қосымшасы арқылы Іле ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№20 орта мектеп» МКМ-нің 7-8 сынып оқушылары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамыту» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға жалпы саны 50 оқушы қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының болашағы - жастарымыздың өзге діндердің арбауына түсіп кетпей, ынтымақ пен бейбітшіліктің тірегі, өз елінің ұлтжанды азаматтары болуға тәрбиелеу және діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру.
Шара барысында оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандардан нақты жауаптар алынды.