
Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандары Талғар, Іле, Қарасай аудандарында орналасқан сауда орталықтары мен базарларда нысаналы топ өкілдері (өзін-өзі жұмыспен қамтыған саудагер, көлік жүргізушілер, жастар) арасында «OPEN AIR» форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары аясында мақсатты топ өкілдеріне
*«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР Заңына сәйкес салынған тыйымдар»,
*«Зайырлы қоғамдағы діннің алатын орны»,
*«Ынтымақ алды отансүйгіштікте»,
*«Рухани келісім – ұлтаралық ынтымақтастық кепілі»,
*«Интернет терроризм – тұзаққа түспеу тәсілдері»,
*«Заведомо ложное сообщение об акте терроризма»,
*«Әкімшілік айыппұл» тақырыбында және #РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН бойынша брошюралар таратылып, заң жүзінде тиым салынған діни ұйымдар мен теріс түсінікті насихаттаушы уағызшылар жайлы мамандар тарапынан ақпараттар, қажетті сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс нөмерлеріне хабарласу туралы нұсқаулық берілді.