Жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру бағытталған кездесу өтті.

Жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру бағытталған кездесу өтті.

Бүгін, Ақсу аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының 2021 жылға арналған ісшаралар жоспарына сәйкес, «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн форматта Жансүгір ауылы, «Ж. Сыдықов» атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушыларымен «Діни сауаттылықтың маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтті. Аталған кездесуге, облыстық «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім бастығы Айбек Серікбайұлы; аудандық АТТ мүшесі, Ақсу аудандық мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлы, «Ж. Сыдықов» атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерден Дүйсенғалиұлы; аудандық АТТ мүшесі дінтанушы-маман Фархат Ноғайшаев қатысты. Оқушы жастар тарапынан ДДА туралы, олардың қызметі турасында сұрақтар қойылып, діни сауаттылықты арттыру бағытында өз ойларымен бөлісті.