
Ағымдағы жылдың 13 - 14 қаңтар күндері Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім бастығы Айбек Серікбайұлы Қоғамдық келісім КММ-мен бірлесе Талғар, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында «Этносаралық тұрақтылықты нығайтудағы Қоғамдық келісімнің рөлі» атты семинар өткізді. Аталған семинарда 10 мақсатты топ қатарына кіретін этникалық топ өкілдері, жастар туралы тақырыптар қамтылды. Қатысушыларға теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және де мемлекеттік-конфессияаралық келісімді нығайту жайлы түсініктер берілді. Карантиндік талаптарды сақтай отыра өткізілген жиынға этномәдени орталықтар, Аналар алқасының мүшесі, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, дін өкілдері, этнос жастары мен аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.