Орталықтың қорытынды есебі тыңдалды.

Орталықтың қорытынды есебі тыңдалды.

Бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы Есдәулетов «ZOOM» қосымшасы арқылы Басқарма және оған қарасты орталықтың қызметкерлері мен аудан, қалалардағы дінтанушы мамандардың қатысуымен қорытынды жиын өткізді. Жиын барысында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, орын алған кемшіліктер бойынша тиісті жұмысты алдағы 2021 жылы атқару тапсырылды.

Жаңа 2021 жылы өңірдің діни ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз етумен, конфессияаралық келісімді нығайту мақсатындағы жұмыстарға табыс тіледі.