Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысы

Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысы

«ZOOM» қосымшасы арқылы басқарма басшысы Рахмет Разбекұлы Есдаулетовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысы өтті. Аталған отырысқа Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығы, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары, ҚМДБ Алматы және Талдықорған өкілдіктерінің бас имамдары, жергілікті орыс православ шіркеуінің Талдықорған шіркеулік округінің басшысы қатысты. Кеңес отырысы барысында, Сарқан, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласы әкімінің орынбасарлары аудан, қала аумағындағы діни ахуалдың және мемлекеттік конфессиялық қатынастар саласындағы проблемалық аспектілерінің талдауы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Сауле Сурабалдинова этномәдени бірлестіктер және дін, діннің негізгі қағидаларын түсіндіру және конфессияаралық келісімді дамыту бойынша жүзеге асыруға қажетті мәселелер туралы сөз қозғап, көкейде жүрген сауалдарға нақтылы жауаптар берді. Өз кезегінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Р. Есдәулетов Кеңес отырысының 2020 жылғы қорытындылап, дін саласына қатысты түйіткілді мәселелердің шешімдерін жүзеге асыру барысын тілге тиек ете отырып, Кеңес жұмысының 2021 жылы атқарар жұмысының ауқымдылығын жеткізді.

Қорытынды бөлігінде төраға барша қатысушыларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ел игілігі үшін атқарар еңбектеріне толайым табыс тіледі.