ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай кездесу

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай кездесу

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, Нұрсұлтан қаласында өткен Республикалық IV форум негізінде “Ас беру мәдениеті", "Зират және зиярат мәдениеті", "Зияткер имам" атты қабылданған құжаттарды түсіндіру, қоғам белсенділерінің пікірін білу мақсатында бүгін, Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінде кездесу өтті. Кездесу барысында аталған құжаттарды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыруда ақсақалдардың, белсенді азаматтардың көмегіне жүгіну мәселесін тілге тиек ете отырып, ортақ ой қорытты. Сонымен қатар, кездесу соңында Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы Бас мүфти атынан «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтой» төсбелгісімен Талдықорған өңірінің наиб имамы, қалалық «НҰР» мешітінің бас имамы А.Данағұлов пен Сарқан ауданы, Көкөзек ауылының имамы М.Ахмадиевті марапаттады. Ал, Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммедке Алғыс хат табысталды.