
Алматы облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен 16 Желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жасыратыны жоқ, қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең ғой, шіркін! Еңселі егемендігіміз бен тұғырлы тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері, сенімі басқа болса да, жүректері «Отан» деп соққан, тілектері ортақ этностар мен ұлыстар бір арнада тоғысып, қара шаңырақ астында жасампаздық пен жарасымның озық үлгісін айдай әлемге әйгілеп келеді. Бұл күн – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстанның асқан құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар асыл лебізі іспеттес.
Сенім бостандығына шек келтірмейтін зайырлы мемлекетімізде 130-дан астам этнос өкілдері ымырашылдық пен мызғымас бірлікті ту етіп, татымды дәурен кешуде. Сындарлы сыртқы саясатымызды ұстана отырып, еліміздің ішкі әлемінде де алауыздыққа жол бермей, ұлтаралық, ұлысаралық бітімгершілік пен азаматтық келісім арқылы баянды болашаққа жол тартқан ұлы сапарымызды бекемдей түстік.
Шара барысында Облыс аумағындағы діни бірлестік жетекшілерінің 16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арнаған құттықтаулары көрсетілді.
Сондай-ақ, облыстағы діни ахуалдың тұрақтылығы мен конфессияаралық келісімді мемлекеттік саясат негізінде жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін төмендегі қызметкерлер Алматы облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды:
Діни бірлестіктермен жұмыс, құқық қорғау органдармен өзара іс әрекет және сараптама жүргізу бөлімі басшы м.а Молдабаева Динара Мұратқызы;
Діни бірлестіктермен жұмыс, құқық қорғау органдармен өзара іс әрекет және сараптама жүргізу бөлімінің бас маманы – Алтыбаева Диана Серікбайқызы;
Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлімінің бастығы Үсіпбек Нүрсеиіт Бақытжанұлы;
Діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет және ведомствоаралық өңірлік қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Бабатай Айбек Серікбайұлы;
Діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет және ведомствоаралық өңірлік қызметті қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейлі дінтанушы-маманы Мұхамед Мағжан Сарсембайұлы (Текелі қаласы);