
Бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары Сағыныш Асқарұлы Жаңабай «ZOOM» қосымшасы арқылы Көксу ауданының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп 10 мақсатты топтың қатарына жататын маргиналды жастармен онлайн режимінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн шараға жалпы саны 50 адам қатысты. «Зайырлы қоғам дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында өткен кездесуде ішкі тұрақтылық пен дəстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігі айтылды. Сонымен қатар жастардың көкейіндегі сауалдарға жауаптар берілді.