
«Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылықты арттыру, интернет кеңістігіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және діни экстремизмге қарсы насихат шараларына» бағытталған 2 күндік онлайн оқыту курсы басталды. Оқыту курсының мақсаты: Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады. Курстың алғашқы күнінде Талдықорған өңірі бойынша 2 қала (Талдықорған мен Текелі қаласы) және 8 аудан (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары) АТТ мүшелерін қамтыды.Аталған курсқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, дінтанушы, PhD докторы – Шағырбаев Алмас Дүйсенбекұлы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, аймаққа белгілі дінтанушы-психолог – Мүтебаев Қанат Маратұлы, сонымен қатар Нұр Мубарак Египет ислам мадениеті университетінің оқытушысы PhD докторы, дінтанушы - Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызы дәріскер ретінде тартылды.