Есдәулетов Рахмет Разбекұлы "деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту" бөлімінің секторларында есептік жиын өткізді»

Есдәулетов Рахмет Разбекұлы  "деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту" бөлімінің секторларында есептік жиын өткізді»

 

Бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы Алматы қаласындағы «Деструктивті діни ағымдарға шалдыққандарды оңалту» бөлімінің Алматы өңірі бойынша секторында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» Жамбыл, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы бойынша есептік жиын өткізді. Жиын барысында аталған аудандардың жауапты дінтанушы, теолог мамандарының есептері тыңдалды.
Жиын соңында облыс көлеміндегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн форматтағы ақпаратты түсіндіру, күшейту жұмыстары тапсырылып, әлеуметтік желідегі контрнасихат жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілу туралы, сонымен қатар сауда үйлерінде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың рұқсаттылығын қадағалауды тапсырды.