ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН САЛЫНҒАН «ТӘУБЕ» МЕШІТІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН САЛЫНҒАН «ТӘУБЕ» МЕШІТІНІҢ АШЫЛУ  САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Талдықорған өңіріне іс сапары аясында «ТӘУБЕ» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов киелі Жетісу жеріне сапарлай келген Наурызбай қажы Тағанұлының қадамына нұр тілеп, күмбезі көкке өрлеген «ТӘУБЕ» мешітінің имандылықтың ұясына айналатынына, қайырымдылықпен қатар, жат ағым ұстанушыларына қарсы жоғары деңгейде жұмыс жасайтындығына асқан сенімділігін білдірді. Облыс тұрғындарын имандылыққа, мейірімділікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, береке-бірлікке шақырып, жүректеріне жылулық сезімін ұялататын мешіттерде рухани қызметпен танылып жүрген имамдардың қызметіне де жоғары баға беріп өтті. Сондай-ақ, қаламыздың көркіне көрік қосып, жаңа ықшам ауданнан орын тепкен ерекше үлгідегі мешіттің бой көтеруіне қолдау көрсеткен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына барша Жетісу жұртшылығы атынан алғысын айтты. Айта кетейік, сәулеті мен сәні келіскен 3 мың орындық мешіт «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қорының тікелей демеушілігімен салынған болатын.