Студенттермен кездесу өтті.

Студенттермен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім бастығы С.Жаңабай мен кадр және іс жүргізу жөніндегі инспекторы А.Асқарбекова 2020-2021 оқу жылында облыс әкімі грантымен ''Нұр-Мүбарак'' Египет ислам мәдениеті университетіне дінтану мамандығы бойынша оқуға түскен студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында білімгерлердің осы оқу жылындағы үлгерімдері жайы және өзге де мәселелер талқыланды. Сондай-ақ облыстық дін істері басқармасы мен оған қарасты құрылымдық орталықтарының қызметі мен атқарып жатқан жұмыстары жайында ақпараттар берілді.