
Бүгін 20 қазан күні, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері Панфилов ауданының Орталық базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған, такси жүргізушілері және жұмыссыз азаматтармен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Шара барысында «Терроризм – дінге жат ұғым», «Жалған діни ағымдарға кіріп кетпеу амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық» тақырыбында бүктемелер, флаерлар, қолдануға болмайтын сайттар тізімі мен әкімшілік айыппұл көрсетілген ескертпе қағаздары және «Дін және мәдениет – руханият әлемі» газеті таратылды. Сонымен қатар, дінтанушы мамандар облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 Қаулысымен бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды сататын арнайы "Нұр-Ислам" дүкеніне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде дүкенде заңға қайшы келмейтін, арнайы сараптамадан өткен діни әдебиеттер мен заттардың сатылатындығы анықталды.