Алматы облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Алматы облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

«ZOOM» бағдарламасы арқылы Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлиұлының төрағалығымен өткен кеңесте Кербұлақ, Іле, Ақсу, Райымбек аудандары әкімдерінің орынбасарлары өңірдегі діни ахуалдың және мемлекеттік конфессиялық қатынастар саласындағы проблемалық аспектілердің талдалуы және олардың орындалуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы және Талдықорған өңірлеріндегі өкілдіктерінің бас имамдары Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы мен Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы негізінде өкілдік тарапынан экстремизм мен радикализм идеяларының алдын алу бойынша атқарылған шаралар жайлы және де деструктивтік теріс ағым жақтастарымен жүргізілген оңалту жұмыстары мен қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелер туралы сөз қозғап, көкейде жүрген сауалдарға нақтылы жауаптар берді. Өз кезегінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы Кеңес отырысының 2019 жылғы желтоқсандағы хаттамалық шешімдерін жүзеге асыру барысы туралы сөз қозғады. Кеңес соңында Рустам Әлиұлы алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың қадағалануы және орындалу барысы жіті назарда болу керектігін айтты.