
|
Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов Сарқан ауданына жұмыс сапары аясында аудан әкімінің орынбасары Г. Маманбаев пен Талдықорған шіркеу округіндегі Орыс Православие шіркеуінің жетекшісі Иеромонах Клавдианның қатысуымен Қарғалы ауылында шіркеу салу бойынша ауылдың православ діндарларынан келіп түскен бастаманы қарады. Аталған діни нысанның құрылысы шаруа қожалығының басшысы В.Еремеевтің қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс қорытындысы бойынша ғибадат объектісінің тиісті рұқсат құжаттарын ресімдеу үшін тапсырмалар берілді. |