Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов Алакөл ауданына мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту жұмыстары аясында баруы

Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов Алакөл ауданына мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту жұмыстары аясында баруы

Ү.ж, 24 қыркүйекте Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту жұмыстары аясында Алакөл ауданының Лепсинск кентінде жұмыс сапарымен болды. Кенттің бұрынғы "Никольский храмы" аумағында Талдықорған шіркеу округіндегі Орыс Православие шіркеуінің жетекшісі Иеромонах Клавдианның, жергілікті православие приходының діни қызметкері және ауыл мен аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында православиелік әулиелер қатарына қосылған Владимир Лепсинскийдің құрметіне (1918 жылы атылған) жаңа шіркеу салу мәселелері талқыланды. Жұмыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар жасалды.