
|
Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек күндері аралығында Алматы облысы дін істері басқармасының «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Панфилов ауданында ақпараттық-түсіндіру, нүктелі оңалту шараларын ұйымдастырды. Жұмыс барысында теолог, психолог тарапынан ағымға шалдыққан азаматтарға дәстүрлі исламның, атап айтқанда Абу ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасының негіздері түсіндірілді. |