
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директоры Сандуғаш Елубайқызымен кездесті.
Кездесу барысында облыстағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері талқыланып, алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында үгіт-насихат тобын құру жоспарланды.