
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы облысында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн-тренинг өтті.
Тренинг мақсаты: карантиндік іс-шараларға байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен жұмыс атқаратын теологтардың, аудан, қала АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру.
Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Р.Есдаулетовтың төрағалығымен өткен тренинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің Діни экстремизм алдын алу және оңалту жұмысы баскармасының басшысы Е.Есбергенов «Деструктивті діни ағымды ұстанушыларды оңалту жұмыстардағы өзекті мәселелер» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, Республикалық Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты М.Мадияров «Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдардың профилактикасы, консультациясы, тиесілігін анықтау және оңалту бойынша жұмыс әдістері» тақырыбында кеңес берді.
Яссауи атындағы Халыкаралық Қазақ-Түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, дінтану кафедрасының оқытушысы, сараптамашы, теолог, PhD доктор, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ "Әдістемелік камтамасыз ету" бөлімінің маманы, облыстық ATT мүшесі Б.Ботақараев «Қазіргі псевдосалафиліктің Орта Азияға келуі», «Харижиттік дүниетаным немесе Осман халифалығының екінші алты жылдығы», «Имам Матуридиде Иман-амал мәселесі» тақырыптарында жаңа жұмыс тәсілдерін көрсетіп, әдістерімен бөлісті. Тренингке қатысушылар жұмыс барысында туындаған өзекті сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Тренингке жалпы 85 адам қатысты.