Мерекелік үстел аурухана төсегіне айналмауы үшін, тамақ сатып алу кезінде міндетті түрде назар аударуды ұсынамыз:
- Таңбалау. Таңбалау өнімнің атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тағамдық құндылығы көрсеткіштері туралы ақпаратты, сондай-ақ өнімді пайдалану жөніндегі ұсынымдарды және (немесе) шектеулер туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Міндетті түрде дайындаушының толық атауы мен орналасқан жері, ЕАС белгісі көрсетілуі тиіс.
Егер Сіз таңбалауында толық ақпараты жоқ өнімді байқасаңыз, онда мұндай өнімді сатып алудан бас тартыңыз.
- қаптама. Қаптама таза, құрғақ, зақымдалмаған, майыспаған болуы тиіс. Қаптамада тұтынушы үшін толық ақпараты бар таңбалау болуы тиіс.
Егер сіз таңдаған өнім зақымдалған, ластанған қаптамада екенін байқасаңыз, оны сатып алудан бас тартыңыз.
- жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары. Тез бұзылатын тағамдарға (торттар, тәтті тоқаштар, майонез қосылған салаттар, салқын тағамдар және т.б.) ерекше назар аударыңыз. Мұндай өнімдердің жарамдылық мерзімі шектелген, өте қысқа екенін есте ұстаған жөн. Мұндай өнімдер дүкенде де, үйде де тоңазытқышта сақталуы керек.
Ешбір жағдайда жарамдылық мерзімі өткен және суықсыз сақталған өнімдерді сатып алмаңыз.
- өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар (сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сәйкестік сертификаты). Сіздің сатушыдан аталған құжаттарды талап етуге толық құқығыңыз бар. Егер сатушы көрсетілген құжаттарды ұсынбаса, өнімді сатып алудан аулақ болыңыз.
Көбінесе мерекелік үстелге дайындалған консервіленген өнімдер ұсынылады. Консервіленген өнімдерді қолданар алдында банканың сыртқы түріне назар аударыңыз: қақпақ беті тегіс, томпаймаған, тұздығы мөлдір, тұнбасыз болуы керек. Егер Сізге өнімнің сапасы күмән тудырып тұрса, онда оны пайдаланбай, дереу жойған жөн. Консервіленген өнімдерді белгіленбеген жерлерде, базарларда, бейтаныс адамдардан сатып алмаңыз, өйткені консервіленген өнімдер тағамнан өте ауыр улану – «Ботулизмді» тудыруы мүмкін.
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баршаңызға зор денсаулық тілейді!