Дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу талаптарды бұзу:
Ескерту жасауға;
Жеке тұлғаларға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға;
Заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Маңызды: бұл норма діни рәсімдер мен жиналыстарды өткізу кезінде заңның сақталуын қамтамасыз етеді, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті және қатысушылардың құқықтарын қорғайды, заңсыз немесе қауіпті әрекеттердің алдын алады.
Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жауапты орган – Алматы облысының Дін істері басқармасы