Меню

Страницы

Статья

Оңалту және радикалсыздандыру бойынша жұмысы туралы

2017 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 сессиясында қабылданған тапсырмалар аясында Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №596 қаулысымен Дін істері басқармасының жанында штаттық саны 25 бірлік "Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым  ұстанушыларын оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру – Орталықтың мақсаты мен міндеті ретінде қаралады. Қазіргі уақытта Орталықтың қызметіне:

  • адрестік, нүктелі оңалту жұмыстарын жүргізу, радикалды және деструктивтік діни ағымдарға ұшыраған адамдарды психологиялық түзету мен әлеуметтік бейімдеумен қамту (қайта әлеуметтендіру);
  • «Деструктивті діни ағым ұстанушылардың санын азайту»  нысаналы индикаторын іске асыру;
  • "Жусан" арнайы гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік белсенді аймақтардан қайтарылғандармен тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ҚАЖ департаментінің мекемелерінде экстремистік және террористік қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан және өтеп шыққан адамдармен қайта әлеуметтендіру және оңалту жұмыстарын жүргізу;
  • діни экстремизм мен терроризмге қатысы бар шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көшіп-қонуының  алдын алу;
  • діни себептер бойынша білім беру мекемелерінде бірыңғай форманы сақтаудан бас тартқандармен адрестік түсіндіру  жұмыстарын жүргізу және зайырлы мемлекеттің басқа да нормалары мен принциптерін сақтау;
  • сенім телефоны бойынша хабарласушыларға консультациялық көмек көрсету мәселелері кіреді.

Орталықта діни ахуалды қадағалауға, жедел әрекет етуге және  ДДА жақтаушыларын оңалтуға бейімделген нақты механизм мен әдістеме құрылған. Алматы қаласы сынды ірі мегаполиске жақын орналасқан аудандарда кеңес беруші органдармен жедел әрекет ету және тікелей өзара іс-қимыл жасау үшін "Өңірлік сектор" жұмыс істейді. Сектор ДДА адептерімен оңалту жұмыстарын тиімді жүзеге асырады және Алматы қаласымен ішкі көшіп-қону мәселелерін реттейді. Жалпы, мекеме құрылған күннен бастап деструктивті діни ағымға ұшыраған адамдардың санын ғана емес, сонымен қатар олардың лидерлерінің радикалдық көзқарастарын өзгерту бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Дата публикации
Дата обновления
15 мая 2024
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
08 сентября 2026
Миссионерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсатты қалай алуға болады?
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
22 апреля 2026
Қазақстанда миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыруға болады ма?
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
03 апреля 2026
Қазақстанда дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу талаптарын бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы