Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап айдары

1. Алматы облысы аумағындағы мешіт салуға рұқсат беруіңізді сұраймыз?

Жауап:  Басқарма облыс аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады. Бұл ретте, мешіт салуға рұқсат беру қызметтері Басқарманың құзыретіне кірмейтініне назар аударамыз.

Мазмұндалғанның негізінде, өтініште көрсетілгендей мешіт құрылысы жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгінуді ұсынамыз.

2. Мешіттің құрылысы бойынша қаржылай қолдау көрсетуге көмек сұрайды?

Жауап: Басқарма облыс аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

Бұл ретте, қаржылай көмек көрсету жұмыстарына Басқарманың бюджетінен қаражат бөлу қарастырылмағанын мәлімдейміз.

3. Адамның діни сенімге тіл тигізгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қандай жауапкершілік қарастырылған?

Жауап: Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 490-бабына сәйкес егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен конституциялық құқықтардың бұзылғаны немесе заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.

 

Дата публикации
26 мая 2025