Облыстағы діни ахуалдың 2020 жылдың 1 жыртыжылдығы бойынша ақпарат

Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: Мониторинг деректері бойынша 2020 жылдың ІІ тоқсанында діни ахуал тұрақты, әрі болжамды болып сақталды. Сондай-ақ, COVID-19 вирустық инфекциясының таралуына байланысты фактордың діни ахуалға тигізетін әсерін атап өткен жөн. Қиын эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, діни ахуал Дін істері басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) бақылауында болды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде облыстағы барлық діни ғимараттар мен намазханалардың қызметтер жаппай тоқтатылды. Кейбір діни бірлестіктер өз қызметтерін интернет арқылы онлайн форматта жүргізуге көшті. Құзырлы мемлекеттік қызметтермен бірлесіп, діни бірлестіктерді төтенше жағдайдың салдарынан шектеулі шаралар мен санитарлық нормалардың сақталуы туралы хабардар ету бойынша қосымша шаралар қабылданды. ДБ басшылары көптеген шектеулерді түсіністікпен қабылдады. Нәтижесінде облыста карантин талаптарын бұзу фактілері болған жоқ.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестік пен филиалдарын жалпы саны 638-ді (2 мешіт ІІ тоқсанда қосылды) құрады. Оның ішінде: ислам мешіті-468, православ-52, Рим-Католик-11, протестанттық-95, Ехоба куәгерлері-10, Бахай-1, Кришна    санасы-1.

Облыс бойынша  ислам мешіттерінде 576 (2 имам қосылды) имам қызмет атқаруда. Бас имамдар 284, молдалар 163, наиб имамдар 96, ұстаздар 22, азаншылар 11 (161 жоғары білімді, 108 медресе түлектері, 226 арнайы курс тәмамдаған, 81 орта білімді).

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 311 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 75 православтық, 29 Рим-Католиктік, 204 протестанттық, 2  Бахаи, 1 Кришна санасы (58 жоғары білімді, 42 орта білімді, 211 курстан өткен қызметкерлер қызмет атқарады).

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің қаулысымен (2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 337 «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың, діни нысандардың орналасуын және діни ғимараттардан тыс жерде діни рәсімдер өткізілетін орындардың орналасуын келісу туралы») діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 5 орында (Алакөл, Ескелді, Іле, Қарасай, Панфилов аудандары) діни әдебиеттер сатылады.

БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары. Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша IІ тоқсанда 139 мақала жарияланды.

Ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары. Басқарма аудандық/қалалық әкімдіктермен бірлесе отырып, дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі -АТТ) қызметін үйлестіреді. АТТ мүшелерінің жалпы саны - 350 адам. Төтенше және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты Басқарма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі жұмысы онлайн режиміне өтті.

Басқарма және оның құрылымдық бөлімдерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізінен халықтың мақсатты топтарына (сенушілер, студенттер және маргиналды  жастар, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері, сауда, өзін-өзі жұмыспен қамтыушылар, сотталушылар, ДДА жақтаушылары және т.б.) бағытталып жүргізілуде.

2020 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша жоспарға сәйкес 296 іс-шара өтіп (235 акция, 50 онлайн-кездесу (Фейсбук, Instagram), 1 сауалнама, 1 кездесу, 1 OpenAir, 1 брифинг, 7 фокус-топ), жалпы  30 150 (оның ішінде 29 230 адам Жастар ресурстық орталығы, Жоғары оқу орындарымен, аймақтық ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына интернет платформада қамтылды) адам қамтылды. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды ескере отырып жүргізілді.

Халық арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивтік және радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған (кітапша, бүктемелер, баннер, флаер, бағдарлама, т.б) жалпы саны 24 518 материал басып шығарылып, әр ұйымдастырылған шараларда облыс тұрғындары арасында таратылуда. Басқармаға қарасты баспаханадан барлығы 2500 ақпараттық материалдар жарыққа шықты.

Әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жүргізілген жұмыстар. ІІ тоқсанда Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты интернет кеңістігінде қарсы ақпараттандыру жұмыстары бойынша  дін істері басқармасына қарасты Facebook, Вконтакте, Instagram, әлеуметтік желілеріне барлығы 535 ақпараттық материал, 136 бейнематериал жарияланды.

Жалпы облыс бойынша ресми  әлеуметтік желілер мен ресми сайттарға қойылған мәліметтер көзі 1030-ға  жуық ақпарат, 255 бейнероликтер салынып,  31 026 қаралым болды.

Сенім телефонының жұмысы бойынша Ағымды жылдың ІІ тоқсанында «Сенім телефонына» 22 қоңырау келіп түсіп, мамандар тарапынан сұрақтарға тиянақты жауаптар берілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, сұрақтардың басым көпшілігі діни терминдерге және діни амалдарға қатысты. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар түспеді.

Дата публикации
10 июля 2020