Облыстық дін істері басқармасының 2020 жылдың I тоқсанына есебі

Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: 2020 жылдың   I тоқсанында облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Облыс аумағында өткізілген іс-шаралар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың талаптарына сай жүргізіліп отырды.

Дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін облыс бойынша 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, жалпы құрамы 348 адамнан тұратын АТТ жұмыс істейді. Есепті кезеңде басқарма мен АТТ негізгі жұмысы 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасының және 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның ережелерін іске асыруға бағытталды.

БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары. Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша I тоқсанда 182 мақала жарияланды.

Сондай ақ, «Қауырт желі 114» туралы ақпарат БАҚ беттеріне және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сенім телефонының қызметі.Халыққа дін саласында психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша сенім телефоны өз қызметін жалғастыруда. Сенім телефонының қызметі мен жұмыс тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары, яғни облыстық, аудандық газеттерге, «Жетісу» телеарнасының телемаркеті мен жүгіртпе жолына үздіксіз хабарламалар беру арқылы халықтың назарына жеткізілуде.

Әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жүргізілген жұмыстар. Ағымды жылдың қаңтар, ақпан, наурыз  айларында Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты facebook, vkontakte, Instagram,  желілерінде 282 ақпараттық материал, 80 видео жарияланды.

Есептік кезеңнің қаңтар, ақпан айларында облысымыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылды. Алайда, наурыз айында Басқарманың ақпараттық жұмысының сипаты мен бағыты COVID-19 короноровирустық инфекцияның таралуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың жариялануына сәйкес өзгерді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Басқарма мен басқармаға қарасты орталықтардың негізгі жұмысы қашықтықтан онлайн форматқа ауыстырылды.

Дін мәселелері зерттеу орталығы тарапынан 24/7 форматта діни ахуалға және діни-саяси арандатушылыққа жедел тосқауыл қою үшін интренет-кеңістікке тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Бүгінгі күнге Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласында вирустан сақтанудың жолдары және алдын алу туралы көшелерге арнайы билборттар ілініп, халықты барынша хабардар ету жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысының аумағындағы барлық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (бұдан әрі - ҚМДБ) қарасты - 466 мешітте және Орыс православ шіркеуінің - 52, Рим-Католик - 11, Ехоба куәгерлері - 10, протестанттық діни бірлестік - 96, Бахай қауымдастығы - 1 және Кришна санасы қоғамының - 1 шіркеулері және ғибадат үйлерінің  кіреберістері мен хабарлама тақтайшаларына вирустың алдын алу бойынша ескертпе қағаздар ілініп, діни бірлестітердің қызметкерлері тарапынан келушілерге вирустан сақтанудың жолдары айтып түсіндірілуде. 

Облыс бойынша  ислам мешіттерінде 574 имам қызмет атқаруда. Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 311 діни қызметкер жұмыс істеуде.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезеңде Басқарманың жұмысында негізгі назар карантиндік іс-шаралардың ықпалының барлық жағдайларын және осы күрделі қоғамдық-саяси жағдайды ескере отырып, интернетіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағыттады. Осы жұмыста ең алдымен Бірыңғай ұйымдастыру ойы (Единый организационный замысел) шеңберінде белгіленген тезистер қайта қаралып, блогерлерді, дінтанушыларды, теологтар мен беделді діни қызметшілерді тарта отырып, әлеуметтік желілерде коментарийлық  жұмыс күшейтілді.

Сондай-ақ, ақпараттық кеңістіктегі деструктивті контенттің таралуын болдырмау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

Дата публикации
10 апреля 2020