
Бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасы мен «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық және жауапкершілік салалары туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Алматы облысы аумағында діни экстремизм идеологиясының алдын алу саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастарға негізделіп отыр. Оның аясында қос тарап ҚР заңнамасын басшылыққа ала отырып, тең құқықтық және ашықтық қағидаттары бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады