Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабы
5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.