ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН АКАДЕМИЯ МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРДЫ

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні, Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" мен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы" арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум аясында екі жақ бірігіп бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттау, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған келесі іс-шараларды өткізу,
радикалды ағымдардың ықпалынан Алматы облысының тұрғындарын сақтандыру аясында
бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі деструктивті контенттердің таралу аясын шектеу бойынша бірлескен талдау, мониторинг жұмыстарын жүргізу жане т.б. мәселе жөнінде келісімге келді.

Меморандумға "Дін саласындағы маселелерді зерттеу орталығының" директоры Жаңабай Сағыныш Асқарұлы мен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының" директоры Тимур Нүсіпханұлы қол қойды.

Дата публикации
18 октября 2022