А.ж. 14 қазан күні, Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл Академиясы» арасында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ орнатылды.
Мақсаты - тараптар бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен Алматы облысының тұрғындарын дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, осы саладағы өзекті мәселелер туралы әдістеме-анықтамалық материалдарды бірігіп әзірлеу, университетте білім алушы студенттердің басқармадан іс-тәжірибеден өтуіне және қызметке келуіне жағдай жасау, Орталықтың теолог, психолог мамандарын қайта даярлықтан өткізу, білімдерін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. мәселелер жөнінде бірлескен шараларды қабылдау болып табылады.
Құжат аясында Орталықтың Академиядағы ресми өкілі ретінде Ақниет Темурбаев қызметке қабылданса, Академия тарапынан Орталықтағы ресми өкіл міндетін Гульфайруз Әжіғалиева атқаратын болып келісілді.
Университет жанынан алғаш рет 2016 жылы институт болып құрылған аталмыш мекеме бүгінде діни экстремизм саласындағы ғылыми-тәжірибелік белестерді бағындып, республика деңгейінде танылып үлгөрді. Айта кету керек мекеме Академия дәрежесін ала отырып, қайта құрылғаннан кейінгі алғашқы меморандум Алматы облысымен жасалды.