2018 жылы 12 ақпан күні Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясымен екі жаққа тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсаты:
- басқармалар ұйымдастырған ғылыми-методикалық семинарларда, ғылыми практикалық конференцияларда және басқа да іс-шараларда осы саладағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісу;
- радикалды ағымдардың ықпалына түскен азаматтар мен олардың отбасы мүшелері арасында біріккен оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, деструктивті діни ағым ұстанушыларының санын азайту, деструктивті діни ағым өкілдерін анықтау бойынша тиісті қызметтік ақпараттармен алмасу;
- дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік құралдарды бірлесіп әзірлеу;
- басқармалармен келісілген кез-келген әрекеттестік түрлерін және тәжірибелік жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.
МеморандумдарДата публикации
10 июня 2020