2022-2024 жылдарға «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің азаматтық бюджеті
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ - облыс аумағындағы діни ахуалдың тұрақтылығына және дін саласына қатысты мәселелерді зерттеуге жауапты коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №432 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Бюджет көлемі Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ- 269 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2022-2024 жылдарға арналған 1 бюджеттік бағдарлама бекітілді:
269 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» -2022 жыл- 177 373,0 мың теңге, оның ішінде 12 636,0 мың теңге. республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, 2023 жылы – 185 105,0 мың теңге, 2024 жыл – 190 447,0 мың теңге.;
2022-2024 жылдарға «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ-нің азаматтық бюджеті
«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ - халық арасында толеранттықты және діни экстремизм көріністеріне төзімсіздік сананы қалыптастыру, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендерге теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету мекемеcі болып табылады. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №596 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Бюджет көлемі Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.
«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ- 269 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2022-2024 жылдарға арналған 2 бюджеттік бағдарлама бекітілді:
269 005 «Өңірде діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту» -2022 жыл- 138682,0 мың теңге, оның ішінде 9 599,0 мың теңге. республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, 2023 жылы – 144 308,0 мың теңге, 2024 жыл – 148 404,0 мың теңге.;
269 004 «Материалдық техникалық қамтамасыз ету» -2022 жыл- 10 000,0 мың теңге;