2021-2023 жылдарға арналған "Діни экстремизм құрбандарын және деструктивті діни ұстанушыларды оңалту орталығы" КММ-нің Азаматтық бюджеті

"Діни экстремизм құрбандарын және деструктивті діни ұстанушыларды оңалту орталығы" КММ өңірдегі діни деструктивті ағымдардың құрбандарын оңалтуға жауапты коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады. Өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №596 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Түзетілген бюджет Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №56-288 шешімімен бекітілген. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 13 желтоқсандағы № 55-282 "Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне сәйкес бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. "Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті діни ұстанушыларды оңалту орталығы" КММ - 2021-2023 жылдарға арналған 269 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып 1 бюджеттік бағдарлама бекітілді: 99200,0 "өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау" – 2021 жылы - 95209,0 мың теңге, 2022 жылы - 102 599,0 мың теңге, 2023 жылы-106 168,0 мың теңге;

 
https://budget.egov.kz/material/material?id=2128772&govAgencyId=3564
 
Дата публикации
15 мая 2021