Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 389 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған
үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» қаулысына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген қаулының 2 тармақшасы алынып тасталсын.
Облыс әкімі А. Баталов