Облыс аумағында орнаған эпидахуалға, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бірқатар қаулылырына сәйкес сәуір, мамыр және маусым айларында облыстағы діни объектілерде іс-шараларды өткізбей, тек ашық аспан астында жекелеген намаз оқу, құлшылық ету шаралары (жұма намазын қоспағанда) карантин талаптарын сақтай отырып өткізуге рұқсат етілді. Карантиндік және қауіпсіздік талаптарының сақталуын Алматы облысының дін істері басқармасы мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бірлесіп қамтамасыз етуде.
Облыс аумағындағы діни бірлестіктерге жүргізілген мониторинг барысында карантиндік режимді бұзу фактілері тіркелмеді.
Барлық діни бірлестіктерде жалпы саны 891 діни қызметкер жұмыс атқаруда. Оның, 580 имам-ұстаздар, 311-і христиандық діни бірлестіктердің қызметшілері.
Аталған ислам мешіттерінде 580 имам қызмет атқаруда. 296 бас имамдар, 169 молдалар, 73 наиб имамдар, 29 ұстаздар, 13 азаншылар. Есептік кезеңде 1 орта білімді молда қызметке алынды. (190 жоғары білімді, 95 медресе түлектері, 195 арнайы курс тәмамдаған, 102 орта білімді).
Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 311 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 75 орыс-православтық, 29 Рим-Католиктік, 204 протестанттық, 2 Бахаи қауымдастығы, 1 Кришна санасы қауымдастығы (58 жоғары білімді, 42 орта білімді, 211 курстан өткен қызметкерлер жұмыс істеуде).
Облыс аумағында ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізу үшін арнайы рұқсаты бар 8 намазхана тіркелген. Алайда, оның 5-нің қызметін тоқтатуына сәйкес, облыс әкімінің 2014 жылғы №389 қаулысына өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қызметтер Ханафи мазхабына сәйкес жүргізіледі.
2021 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша жоспарға сәйкес 1031 түрлі форматтағы іс-шаралар (Олар: 114 онлайн-кездесу, 117 кездесу, 21 онлайн-сұхбат, 5 сұхбат, 30 онлайн-семинар, 34 семинар, 18 акция, 117 уағыз, 327 онлайн-уағыз, 4 сауалнама, 61 дәріс, 86 онлайн дәріс, 14 дөңгелек үстел, 5 онлайн дөңгелек үстел, 4 конференция, 3 онлайн-конференция, 22 Open Air, 3 дебат,1 спорттық шара, 29 сынып сағаты, 15 семинар кеңес, қойылым 1) өткізіліп, жалпы 742 281 адам қамтылды.
Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді. АТТ өткізетін іс-шаралармен қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діндарлар, сотталғандар.
Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы 2380 материал анықталып (Youtube –1264, Instagram - 762, Vkонтакте – 354), «Киберқадағалау» жүйесіне енгізілді. 2020 жылдың басынан барлығы 1668 сілтеме материал бұғатталды. 2021 жылғы ІІ тоқсандағы сараптама қорытындысы әлі келген жоқ.
Облыстық дін істері басқармасымен құралған 145 мүшесі бар, «Whats app» мессенджеріндегі «Дін мәселелері» атты группаға ІI тоқсанда 2000-ға жуық ақпарат жіберілді.
Сонымен қатар, Зерттеу орталығының бастамасымен құрылған, жастар ұйымдарының өкілдерінен, діни бірлестіктер өкілдерінен, теологтар және дінтанушылардан, облыстың және аудандардың АТТ топтарының өкілдерінен, құқық қорғау органдары мен қоғам қайраткерлерінен құралған «Whats app» мессенджеріндегі «Имамдар қауымдастығы», «Дінтанушылар», «Діни бірлестіктердің жетекшілері», «Жетісу жастары» топтары дін саласындағы тақырыптық материалдармен және объективті ақпараттармен күн сайын толықтырылады. Аталған топтарда шамамен 2500-ге жуық тіркелуші бар.