Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

 

 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 124 қаулысымен
бекітілген
Дата публикации