Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: Ұдайы жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша 2021 жылдың І тоқсанында діни ахуал тұрақты, әрі болжамды күйде сақталды. Діни ахуал толықтай «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ (әрі қарай - Басқарма) және оның құрылымдық бөлімшелерінің бақылауында болды.
Діни бірлестіктердің басшыларымен жоспарлы негізде ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде аймақта карантин талаптарын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, облыс бойынша 48 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатса, тағы 10 мешіттің құрылысы алдағы уақытта жоспарлануда.
Аталған ислам мешіттерінде 578 имам қызмет атқаруда. 294 бас имамдар, 169 молдалар, 73 наиб имамдар, 29 ұстаздар, 13 азаншылар. Есептік кезеңде 1 орта білімді молда қызметке алынды. (186 жоғары білімді, 95 медресе түлектері, 195 арнайы курс тәмамдаған, 102 орта білімді).
Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 311 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 75 орыс-православтық, 29 Рим-Католиктік, 204 протестанттық, 2 Бахаи қауымдастығы, 1 Кришна санасы қауымдастығы (58 жоғары білімді, 42 орта білімді, 211 курстан өткен қызметкерлер жұмыс істеуде).
Облыс аумағында ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізу үшін арнайы рұқсаты бар 8 намазхана тіркелген.
2021 жылдың І тоқсанында облыс бойынша жоспарға сәйкес 650 түрлі форматтағы іс-шаралар (Олар: 116 онлайн-кездесу, 75 кездесу, 36 онлайн-сұхбат, 9 онлайн қабылдау, 42 акция, 118 уағыз, 139 онлайн-уағыз, 4 сауалнама, 1 онлайн сауалнама, 35 дәріс, 15 онлайн дәріс, 12 дөңгелек үстел, 4 онлайн дөңгелек үстел, 10 семинар, 6 онлайн-семинар, 1 онлайн-конференция, 2 дебат,5 спорттық шара, 2 сұхбат, 12 сынып сағаты, 1 Open Air, 5 діни мереке) өткізіліп, жалпы 340 538 адам қамтылды. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды ескере отырып жүргізілді. АТТ жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.
Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы 4454 материал анықталып (Youtube –3521, Instagram - 259, Vkонтакте – 674), «Киберқадағалау» жүйесіне енгізілді. 2020 жылдың басынан барлығы 426 сілтеме материал бұғатталды.
Оның ішінде: псевдосалафилік ресурстарға тіркелушілер саны – 15 897, хададиттік – 2548, суруриттік – 917, хабашиттік – 688, Ехоба куәгерлері – 68 (Ескерту: діни жағдайдың өзгеруіне байланысты "Елуіншілер" бағытының орнына "Хабашит" бағыты бақылауға алынды).
Тіркелушілер санының азаюына «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ДДА идеологиясын насихаттаушы топтарға тіркелушілерге ДІБ құрылымдық Орталығының ресми және фэйк-аккаунттарынан (аудандарды, қалаларды қоса алғанда) күнделікті жіберілетін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту SMS-хабарламалары септігін тигізуде. Наурыз айында осындай 1420 SMS-хабарлама жіберілді.
Сонымен қатар, кері идеологияы насихаттаушы топтардың ықпалын бәсеңдету үшін жүргізіліп жатқан нүктелі АТЖ жандандыру мақсатында #РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН жобасы тұрақты түрде іске асырылуда. Жобаның мақсаты - облыс тұрғындарымен кері байланыс орнату. Есепті кезеңде 72 адаммен кері байланыс орнатылды.