Атқарылған жұмыстар (9 ай қорытындысы)

Алматы облысы дін істері басқармасының 2020 жылғы IV тоқсан есебі

 Облыстағы діни ахуал дамуының үрдістері: Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей 2020 жылдың ІV тоқсанында діни ахуал тұрақты, әрі болжамды болып сақталды. Діни ахуал басқарманың бақылауында және толықтай мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 07.12.2020ж. №33 Қаулысына сәйкес, 10 желтоқсаннан бастап, діни объектілердің қызметтері санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтілген режимде  жалғасуда. Діни бірлестіктер тарапынан карантиндік режимді бұзу фактілері тіркелмеді.

  1. Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестіктер мен филиалдардың жалпы саны 644 (ІІІ тоқсанда 641) құрады. Оның ішінде: ислам мешіттерінің саны 474 (есепті кезеңде 4 мешіт іске қосылды. Олар: Талдықорған қаласында «Тәубе» мешіті, Жамбыл ауданында «Сұңқар» ауылдық мешіті, Кеген ауданында «Тасашы» ауылдық мешіті), 52 орыс-православтық, 11 Рим-Католиктік, 95 Протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, облыс бойынша 48 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатса, тағы 10 мешіттің құрылысы алдағы уақытта жоспарлануда.

Жоғарыда атаған ислам мешіттерінде 577 имам қызмет атқаруда. Бас имамдар 294, молдалар 168, наиб имамдар 73, ұстаздар 29, азаншылар 13 (186 жоғары білімді, 95 медресе түлектері, 195 арнайы курс тәмамдаған, 101 орта білімді).

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 311 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 75 орыс-православтық, 29 Рим-Католиктік, 204 протестанттық, 2  Бахаи қауымдастығы, 1 Кришна санасы қауымдастығы (58 жоғары білімді, 42 орта білімді, 211 курстан өткен қызметкерлер жұмыс істеуде).

  1. Миссионерлік қызметтің жағдайы. Өңірде миссионерлік қызметпен айналысуға рұқсат ететін арнайы куәлігі бар 28 миссионер тіркелген (есепті кезеңде 3 миссионердің қызметі тоқтап, елдеріне қайтарылды). Олар: 7 Корея Республикасынан, 6 Польша  Республикасынан, 3 Қазақстан Республикасынан, 6 Испания Корольдігінен, 1 Түркия Республикасынан, 1 Литвадан, 2 Колумбия Республикасы, 1 Мозамбик Республикасы, 1 Кения Республикасынан.
  2. Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің қаулысымен (2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 337 «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың, діни нысандардың орналасуын және діни ғимараттардан тыс жерде діни рәсімдер өткізілетін орындардың орналасуын келісу туралы») діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 6 орында (Алакөл, Ескелді, Қарасай, Панфилов, Іле, Кеген аудандары) діни әдебиеттер сатылады.
  3. Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 қаулысына сәйкес, 8 намазхана халыққа қызмет көрсетуде. Карантиндік ережелер (маска кию, қашықтық  сақтау т.б.) сақталып, күніне келушілер саны орта есеппен 20-25 адамды құрайды. Қызметтер Ханафи мазхабына сәйкес жүргізіледі.
  4. БАҚ-да мақалалар жариялау жұмыстары. Жүргізілген ақпараттық-насихат жұмысы бойынша облыстық, аудандық БАҚ-да дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша IV тоқсанда 226 (І тоқсанда 182, ІІ тоқсанда 139, IІІ тоқсанда 277) мақала жарияланды.
  5. Ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары. Алматы облысы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының 2020 жылғы жаңартылған құрамына сәйкес 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық жалпы 21 топ, 350 мүшесімен жұмыс атқаруда.

2020 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша жоспарға сәйкес 497 түрлі форматтағы іс-шаралар (333 онлайн-кездесу,  25 кездесу, 75 акция, 22 онлайн-сұхбат, 11 онлайн-қабылдау, 11 онлайн-дәріс, 4 онлайн-семинар, 1 онлайн-оқыту курсы, 3 Open air, 1 дөңгелек үстел, 4 онлайн-дөңгелек үстел, 1 форум, 5 онлайн сауалнама, 1 сауалнама) өткізілді. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды ескере отырып жүргізілді. АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

Халық арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивтік және радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған (кітапша, бүктемелер, баннер, флаер, бағдарлама, т.б) материал басып шығарылып, әр ұйымдастырылған шараларда облыс тұрғындары арасында таратылды. Басқармаға қарасты баспаханадан барлығы 4 712  ақпараттық материал  жарыққа шықты.

  1. Діни қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы. Ағымдағы жылдың IV тоқсанында 1 құқық бұзушылық факт тіркелді. Ол Қарасай ауданы, Жібекжолы ауылы аумағында орналасқан «Алихан» дүкенінде заңсыз діни әдебиет сату, тарату фактісі. Аталған орыннан 47 діни мазмұндағы әдебиеттер тәркіленіп алынып, Дін істері комитетіне сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатын болады.
  2. Сенім телефонының қызметі. Халыққа дін саласында психологиялық және құқықтық көмек көрсету бойынша сенім телефоны өз қызметін жалғастыруда. Сенім телефонының қызметі мен жұмыс тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары, яғни облыстық, аудандық газеттерге, «Жетісу» телеарнасының телемаркеті мен жүгіртпе жолына үздіксіз хабарламалар беру арқылы халықтың назарына жеткізілуде.

Сондай ақ, «Қауырт желі 114» туралы ақпарат БАҚ беттеріне және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ағымды жылдың ІV тоқсанында 11 қоңырау келіп түсіп, мамандар тарапынан сұрақтарға тиянақты жауаптар берілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, сұрақтардың басым көпшілігі діни терминдерге және діни амалдарға қатысты. Шақырту мен түсіндіру жұмыстарын талап ететін қоңыраулар түспеді.

  1. Әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жүргізілген жұмыстар. Ағымдағы жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында интернет кеңістігінде қарсы ақпараттандыру жұмыстары бойынша Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты «Facebook», «Vkontakte», «Instagram» әлеуметтік желілерінде және т.б. интернет-ресурстарда жалпы саны 3 035 материал жарияланды. Оның ішінде 226 мақала, 518 бейнебаян, 1 166 демотиватор, 1 125 ақпараттық материал бар, жалпы қаралым саны 99 761. Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы 1090 материал анықталып, оның ішінде 263 бұғатталды.

Басқармаға қарасты құрылымдық «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» ақпараттық кеңістікте деструктивті контенттің таралуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізуде. Осы мақсатта, а.ж. желтоқсан айында ішкі резервтерден арнайы «Интернет ресурстарда киберқадағалау мен  контрнасихат жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімі» құрылды.

Облыстық дін істері басқармасы мен оның құрылымдық орталығының бастамасымен басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «NUR OTAN» партиясы қалалық филиалының қызметкерлері, дәстүрлі діни бірлестіктердің жетекшілері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған 132 мүшесі бар, «Whats app» мессенджеріндегі «Дін мәселелері» атты группаға IV тоқсанда 1500-ге жуық ақпарат жіберілді.

  1. Интернет кеңістіктеріндегі талдау жұмыстары. Облыстағы діни ахуалға «Kazdream Technologies» қызметімен бірлесіп мониторинг жүргізу нәтижесінде интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды және деструктивті діни ағымдар идеологиясының әсеріне ұшыраған азаматтар саны а.ж. қаңтарымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Есептік кезеңде теріс діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан 20 193 ғаламтор тұтынушысы анықталды (а.ж. қаңтарда тұтынушы саны 43 560 болған).

Аудан, қала әкімшіліктері және құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп атқарған ақпараттық түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жыл соңында көрсеткіш  23 367 тіркелушіге төмендетілді. Бүгінде салафиттік ресурстарға тіркелген тұтынушылар саны 18 648 (13 649 тіркелушіге азайды), елуіншілер ресурстарына тіркелген тұтынушылар саны 523 (338 тіркелушіге азайды), суруриттік ресурстарға тіркелген тұтынушылар саны 846 (214 тіркелушіге азайды), хададизм 2645, Ехоба куәгерлері 71. Осы орайда, тоналдығы «агрессивті» деп танылған 16 белсенді желі пайдаланушысы анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Дата публикации
26 января 2021