
Бүгін, «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандум қос тараптың әлеуметтік серіктестік негізінде сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуға ықпал етуге бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруда, тараптардың жүйелі өзара іс-қимылы мен сындарлы ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.