
Алматы облысында биыл пайдалануға беру жоспарланған 13 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы 9 дәрігерлік амбулаторияны қоса алғанда, 12 Денсаулық сақтау нысанының құрылысына жергілікті бюджеттен 3 млрд.494,0 млн. теңге бөлінді. Осы кезеңде Көксу ауданының Көксу бекетінде ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана іске қосылды. Биыл тағы 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында республикалық бюджеттен 4 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық пункт құрылысына 1 млрд.621,2 млн. теңге бөлінді. Барлық 5 нысан биыл пайдалануға беріледі.
Айта кету керек, биыл 13 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде, нысандарды биыл іске қосу жоспарлануда.
2019 жылы 4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 235 дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік және 220 медициналық пункт бар. Бүгінгі күні тағы 4 дәрігерлік амбулатория, 4 Медициналық және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына және күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі