Коронавирустың екінші толқынына дайындық

Коронавирустың екінші толқынына дайындық

Алматы облысында пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды.

Коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында Талдықорған қаласында 200 төсектік модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Оның ішінде 20 төсек реанимациялық орын.

Талдықорған және Алматы қалаларындағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған ахуалдық орталықтар құрылды.

Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жарақтандырылуда.

Екінші толқынға дайындық шеңберінде СOVID-орталығына 1 цифрлық рентген-аппарат, 20 ӨЖЖ аппараты, 12 концентратор, 30 монитор, 8 виброакустикалық аппарат, 130 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

Ауруханаларда 304 ӨЖЖ аппараты бар, РБ есебінен тағы 119 жеткізу күтілуде. ЖБ-дан қосымша 100 бірлік ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға 1,2 млрд.теңге бөлінді. Қыркүйек айының соңына дейін ӨЖЖ аппараттарының саны 522 бірлікке жетеді.

Медициналық ұйымдарда 634 оттегі концентраторы бар. Жалпы, 1 қазанға қарай 944 оттегі концентраты болады.

Пациенттерді оттегімен қамтамасыз ету мақсатында 10 бірлік оттегі станциясын орнату жоспарлануда.

Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 125,3 мыңнан астам қызуды түсіретін таблетка, 22,7 мың вирусқа қарсы препарат, сондай-ақ 178 мың антибиотик бар.

Науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды.

Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, 281-Медициналық колледж. Зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуға бюджеттен және резервтен қосымша 7,3 млрд. теңге бөлінді.